Түрме қызметкерінен бала туып алған Наталья Слекишина бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрме қызметкерінен бала туып алған Наталья Слекишина бостандыққа шықты

Түрме қызметкерінен бала туып алған Наталья Слекишина бостандыққа шықты

Бұл туралы Dina Tansari желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz.

Бұдан бұрын Слекишинаның енесі әйелдің бостандыққа шығатынына келіспей қарсы шағым түсірген еді. Натальяның бұрынғы ене?

  • 3 Ақпан 2017
  • 2537
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын Слекишинаның енесі әйелдің бостандыққа шығатынына келіспей қарсы шағым түсірген еді. Натальяның бұрынғы енесі Слекишина сотталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болатын.

16299453_1525967117443602_8401826097088318490_n
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты сотталушы Наталья Слекишинаны азаптады және зорлады деп айыпталған тергеу изоляторының (СИ-18) қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын.

16472876_1525987634108217_3178189708972190821_n

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.


Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.

Соңғы жаңалықтар