Twitter эмоцияға қатты әсер етеді - ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Twitter эмоцияға қатты әсер етеді - ғалымдар

Twitter эмоцияға қатты әсер етеді - ғалымдар

Ғалымдардың пікірінше, Twitter желісі эмоцияға қатты әсер етеді.

  • 19 Қараша 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Мамандардың бұл зерттеуіне 114 адам қатысқан. Ғалымдар Твиттерді қолдану кезінде қатысушылардың ми белсенділігін бақылуға алған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зерттеу барысында мидың эмоциямен, есте сақтау қабілетімен  байланысатын үш бөлшегі белсенді болғандығы анықталды.

Желіде отырған адамдарда эмоциялық қозу 75 пайызға ұлғайған.

Тіпті микроблогтарды селқос оқып отырған адамның өзінде де мидың белсенділігі 64 пайызға артқаны байқалды. Зерттеушілердің пікірінше,  Твиттердегі қысқа әрі тез, өткір жазбалар эмоцияға қатты әсер ететін көрінеді.