"Тыр жалаңаш шығатын қыздарға тиым салыңыз!"- Айгүл Орынбек министрге шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тыр жалаңаш шығатын қыздарға тиым салыңыз!"- Айгүл Орынбек министрге шүйлікті

"Тыр жалаңаш шығатын қыздарға тиым салыңыз!"- Айгүл Орынбек министрге шүйлікті

Термин мәселесіне заңгер Айгүл Орынбек те ой қосты.

  • 21 Маусым 2019
  • 243
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желіге жазды деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Келген министр тілге тиіскен бе?
Ақтоты ханым!
Мәдениетініміз порноға, спортымыз коррупцияға толып жатқанда, келіп термин теріп кеткенсіз бе?
Басқа жұмыс жоққой сонда?
Мәдениет пен спортта реформаны терминнен бастамай, анау сахнаға тырдай жалаңаш шығатын қыздарға тиым салыңыз! Көгілдір экран бетін көру мүмкін емес, қазақ актрисалары төсекте жатып сүйісіп, аймаласу кадрлары өте көп. Сахна, көгілдір экран мәдениетін қолға алыңыз.
Ауыл ауылдағы мектептерте спорт мектептерін ашыңыз. Оларға ақша бөліңіз. Балалар өздерінің ақшасына барады жарыстарға, жатықтыру құралдарын да өз қаражаттарына алады. Ақшасы барлар ғана жарысқа бара алады. Осындай дүниелер іріңі шығып шіріп тұрғанда келіп "Әнұран","Сынып" сөздеріне тиіскеніңіз ұят болды. Қолында билігі жоқ, жәй ғана уақыт өткізетін адам ғана келіп бірден тілге тиседі. Сіз халық үшін емес, биліктің цирігінде ойнайтын бір клоуны болып көріне бастадыңыз!, — деді Айгүл Орынбек

Соңғы жаңалықтар