Бұл жаңалығымен блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Алла тағала Еленаны Меккеге шықырды. Меккеге тек Алланың шақыртуымен ғана бара алады дегенге тағы көзім жетті, енді ғана ислам қабылдаған Елена Меккеге барады. 30 күн бойы Алладан Меккеге баруды сұраған едім, қараңыздаршы Дұғам қалай екі есе хайырлы қабыл болды! Осы жолы Өте ерекше сапарлардың бірі болады себебі орындайтын Миссиялар бар. Шын құттықтаған жанға жұғысты болсыншы осындай бақыт және Меккеге бару», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сынға алған.
«Бұл әйел Меккеге баруға дайынба? Тырнақтары сояудай, Меккеге баратын кісі алдын ала дайындалу керек емеспе?», «Мекке адам өз маңдай терімен тапқан қаражатына бару абзал», «Меккенің де қадірі кетті-ау» деп жазды олар.