ТЖ министрлігінің техникалық институты аттестациядан сүрінді
ТЖМ Техникалық институты Білім және ғылым министрлігінің аттестациясынан өте алмай қалды. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне құқық қорғау орындарындағы сенімді ақпарат көзі хабарлады. |
Оның айтуынша, ЖОО аталған сынаққа төрт жыл бойы дайындалыпты.
«44 кемшілік анықталды. Курсанттар да аттестациядан өте алмай қалды. Енді оқу орнының лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр», - деді ол.
Бұған дейін Есеп комитеті Көкшетаудағы ТЖМ Техникалық институтында айтарлықтай заң бұзушылықтарға жол берілгенін хабарлаған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін