Жарияланды: 690

Ұ. Қарабалин мұнай арзандағанымен, бензин неліктен қымбаттап жатқандығын түсіндірді

Ұ. Қарабалин мұнай арзандағанымен, бензин неліктен қымбаттап жатқандығын түсіндірді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда мұнай арзандағанымен, бензиннің неліктен қымбаттап жатқандығын түсіндірді.

«Әлемде мұнай бағасының төмендеуі мен оның біздің ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне ықпалына тоқталып өтейін. Мұнай бағасының түсуіне байланысты, әрине, мұнай өнімдеріне, сондай-ақ негізінен бензин мен дизель отынына біз бағаны төмендетуге тиісті екеніміз түсінікті. Алайда, бұл тұрғыда басқа мәселенің әсері бар. Атап айтқанда, мұнай өнімдерінің үштен бір бөлігін біз негізінен Ресейден аламыз. Осы орайда Ресейде Қазақстанға бензинді жеткізетін трейдерлеріміз мұнай өнімдерін жеке құрылымдардан, зауыттардан келісімшарт бойынша сатып алады. Көтерме сатып алулар шарттар бойынша жүзеге асырылады және ондағы бағаны сатушы нарықтық жағдайлар аясында бекітеді»,-деді Ұ. Қарабалин.

Осы орайда ол бұрынғы бағамен Қазақстанға ешқайсылары да бензинді жеткізе алмас еді, яғни, көбісіне бұл бизнес тиімсіз болады. Нәтижесінде отын тапшылығы туындауы ықтимал.

Оның сөзіне қарағанда, біздің жақын көршілерімізге қарағанда Қазақстанда бензин қымбат емес. «Бүгінде Қырғызстандағы баға - 160 теңге. Қазіргі кезде бізде ресейлік бағамен теңесіп қалды. Сондықтан жақында қабылданған шараны дұрыс деп есептейміз»,- деді Ұ. Қарабалин.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің төртінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқандығын хабарлаған болатын.  Б. Сағынтаевтың айтуынша,  Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.  «Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі өндіріс пен тұтыну балансында Аи-92/93 бензинін үш мұнай зауытында өндіру көлемі 2,1 млн. тонна, ал тұтыну деңгейі  3,2 млн. тоннаны құрап отыр. Яғни, 1,1 тонна көлемінде жетіспеушілік бар. Бұл қажеттіліктің негізгі көлемі Ресейден жеткізілуде.

Бір айда Қазақстандағы бензин бағасы тұрақталады.

«Біз бензин бағасы (Аи-92/93) 124-тен 130 теңге аралығында болып тұрғанын көріп отырмыз. Негізінен 125 теңге көлеміндегі орташа баға бегіленген. Айдың барысында баға тұрақтап, қалыпты нарықтық жүйеге келтіріледі деген сенімдеміз. Бұдан ары қарай жанармай-жағармай бағасы айтарлықтай тұрақты болады. Сонымен бірге бұл мәселе көбінесе біздің негізгі жеткізушіміз болып табылатын Ресей қандай бағамен сататындығына байланысты болады. Әзірге біздің мұнай өңдеу зауыттары толық қамтамасыз ету деңгейіне шығармайынша, ресейлік нарықтағы бағаға тәуелді боламыз»,-деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол бензин бағасының төмендеуі мәселесіне тоқталып өтті. «Егер нарыққа айтарлықтай көп бензин жеткізілсе және оны бізге ұсынған бағамен алмайтын болсақ, әрине, сатушылар бағаны төмендетуге қадамдар жасайды. Менің ойымша, қазан-қарашада нақты нарықтық бағаларды көрген кезде, біз бұл жағдайды сезінетін боламыз», - деді Ұ. Қарабалин.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр.

Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.  «Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», - деді ол

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі өндіріс пен тұтыну балансында Аи-92/93 бензинін үш мұнай зауытында өндіру көлемі 2,1 млн. тонна, ал тұтыну деңгейі  3,2 млн. тоннаны құрап отыр. Яғни, 1,1 тонна көлемінде жетіспеушілік бар. Бұл қажеттіліктің негізгі көлемі Ресейден жеткізілуде.

«2017 жылға дейінгі бағдарлама аясында біздің үш мұнай өңдеу зауыттарымыз толық модернизациядан өтіп жатыр. Атыраудағы зауыттағы жұмыстар аяқталуға таяу, Шымкентте жаңғырту шаралары толық жүріп жатыр. Ал Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстар да бекітілген жоспармен іске асырылуда. 2017 жылы біз өзімізді жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеміз. Артылған көлемін сыртқа шығаруға мүмкіндік туады», - деді Б. Сағынтаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін