Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма?

Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма?

ҚР Президенттігіне өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров  өтінішінде басқа мемлекеттің азаматы екендігін көрсеткен. 

  • 9 Наурыз 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

«Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерінің өзін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған У.Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен», — деді ОСК мүшесі.

Л.Сүлейменнің атап өтуінше, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы еліміздің Ішкі істер министрлігіне аталған деректерді тексеру үшін сұрау салған.


«Сонымен қатар осы үміткер мемлекеттік тілде толтырылған өмірбаяндық деректерінде де бірнеше қате жіберген», — деді ол.