Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлады.
«Маусымның 2-сі мен 6-сы аралығында өткен сынқата 19 807 түлек ЖОО түсуге мүмкіндік беретін баллды жинай алмаған. 4890 түлек белгілі бір пән бойынша қанағаттанарлық емес нәтиже көрсетті. 5 пән бойынша 100 баллдан жоғары нәтижені 12 712 түлек жинаған», — делінген хабарламада.
Бүгінгі күнге дейін Ұлттық бірыңғай тестілеудің 5 күні өткізілді. Тестілеуге барлығы 85 221 мектеп түлегі, соның ішінде қазақ тілінде — 59 877, орыс тілінде — 25 344 бітіруші қатысты.
Бес күн ішінде ең жоғарғы ықтимал 125 баллды Алматы қаласының екі түлегі — Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы, Марат Әсия Жандосқызы мен шымкенттік түлектер Ахметжанова Шахзода Анварқызы, Ержанова Ұлпан Ержанқызы жинады.