Жарияланды: 50

Үйлену тойындағы тағы бір алып қымбат торт қонақтарды таңғалдырды

Үйлену тойындағы тағы бір алып қымбат торт қонақтарды таңғалдырды

Жыл басында Шымкентте өткен тойға әкелінген қымбат торт жұрттың қызу талқысына түскен еді.

Ендігі байлар бәсекесі қыза түсіп, бағасы қымбат әрі ерекше тортты тойдың сәні ету сәнге айналып бара жатқан сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде үйлену тойына әкелінген қымбат торттың видеосы тарап кетті. Зәулім сарай бейнесінде дайындалған торт бағасын кез-келгеннің қалтасы көтермейтіні анық.

Мұндай тортты дайындаған ресейлік әйгілі кондитер Ренат Агзамов болуы мүмкін. Ол жыл басында Шымкентте өткен тойлардың біріне арнап ерекше тортын әзірлеген еді.

Ал бұл жолғы торт та жұрттың назарынан тыс қалмады. Той Әзірбайжанның Баку қаласындағы «Ақ сарай» мейрамханасында өткен болып шықты.

Өз кезегінде желі қолданушылары тойды бәсекеге айналдырып, қымбат торт алдырған той иелерін сынап тастады. «Байлардың арасында эстафета болып кетті», «Бұл тортпен бүкіл қала тұрғындарын тойдыруға болады ғой», «Адамдар қарапайым болуды қашан үйренеді? Бәрі мақтан үшін. Кім бай екенін көрсету үшін», – деп сынады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Кеудемді үлкейткім келеді: Дильназ Ахмадиева пластикалық операция жасатпақшы
«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап күнелтіп жүр
Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін