“Ұйқышыл” Калачи селосының әкімі қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ұйқышыл” Калачи селосының әкімі қызметінен босатылды

“Ұйқышыл” Калачи селосының әкімі қызметінен босатылды

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов Калачи селосының әкімі Әсел Сәдуақасованы қызметінен босатты. 

  • 1 Сәуiр 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz


"Жұмыстан босатуға себеп болған жәйт облыстық тәртіптік кеңестің 20-наурыз күнгі шешімі, кеңес оны 31-наурызға дейін жұмыстан босатуды ұсынған болатын. Ол ауданның бұрынғы әкімінің бауырына жер бөліп беру туралы құжаттарға қол қойған комиссия құрамында болыпты”, деп хабарлады сәрсенбіде  А.Қалжанов.
Оның айтуынша, алдында осы құқық бұзушылық үшін бірнеше шенеунік қызметтен кеткен, оның ішінде аудан әкімінің орынбасары, бөлім жетекшілері бар.
"Сәдуақасова тәртіптік кеңестің бірінші отырысына келе алмады, онда ол да “ұйықтап қалу” ауруына ұшыраған, деді ол.
Калачи селосы “ұйықтап қалу” ауруымен аты шыққан. Екі жыл бойы жергілікті тұрғындар  аталмыш белгісіз аурудан зардап шегіп отыр.