«2008 жылы үкімет инфляцияны қажетті шамада ұстап тұруға басымдық береді», -деді Кәрім Мәсімов.
«2008 жылға арналған макроэкономикалық саясат бойынша біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз бірінші кезекте инфляцияны ауыздықтауға саяды. 2008 жылғы біздің мақсат — инфляцияны бір орынды саннан асырмау. Біздің — Ұлттық банк пен үкіметтің — саясатымыз инфляцияны нысанаға алу. Инфляцияның санына қарап біз басқа барлық параметрлерді есептейтін боламыз», — деді премьер.
«Біз инфляцияны ұстап тұруды назар төріне алатын боламыз. Өйткені бұл аса маңызды мәселе. Тіптен экономикалық өсім қарқынына әсер еткен жағдайда да», -деді ол.
Осы орайда ол Ұлттық банк пен үкіметте «монетарлық және ақша-қарыз саясатына қатысты аса айқын жоспар бар, оған біз бұлжытпай бағынатын боламыз»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті