Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 581
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Бүгін Үкіметтің отырысы өтті. Онда негізгі қаралған мәселе кейбір жанар-жағармайдың түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты болды. Осы жөнінде Энергетика министрлігінің баяндамасы тыңдалып, соның есебінен Үкіметтің тиісті шешімі қабылданды», — деді ол.

Б. Сағынтаевтың айтуынша,  Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр.

Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль — 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.  «Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», — деді ол

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі өндіріс пен тұтыну балансында Аи-92/93 бензинін үш мұнай зауытында өндіру көлемі 2,1 млн. тонна, ал тұтыну деңгейі  3,2 млн. тоннаны құрап отыр. Яғни, 1,1 тонна көлемінде жетіспеушілік бар. Бұл қажеттіліктің негізгі көлемі Ресейден жеткізілуде.


«2017 жылға дейінгі бағдарлама аясында біздің үш мұнай өңдеу зауыттарымыз толық модернизациядан өтіп жатыр. Атыраудағы зауыттағы жұмыстар аяқталуға таяу, Шымкентте жаңғырту шаралары толық жүріп жатыр. Ал Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстар да бекітілген жоспармен іске асырылуда. 2017 жылы біз өзімізді жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеміз. Артылған көлемін сыртқа шығаруға мүмкіндік туады», — деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар