Жарияланды: 540

Үкімет алдағы жылға астық қоры жеткілікті екеніне сендіреді

Үкімет алдағы жылға астық қоры жеткілікті екеніне сендіреді

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет алдағы жылға астық қоры жеткілікті екеніне сендіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов азық-түлік өнімдеріне арналған астықтың ішкі сұранысын қамтамасыз ету және экспорттық саясат мәселелері бойынша жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент алдымызға қойған басты міндет орындалды - базалық азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермедік, аталған жағдайда астық және астық өнімдері туралы әңгіме болып отыр",- деді премьер-министр. "Сеніммен айтуға болса нәрсе, үкімет, біріншіден, алдағы жылға астық қоры жеткілікті екеніне, екіншіден, нан өнімдеріне баға көтерілмейтініне кепілдік береді, бізде бұл үшін барлық тұрақтандыру тетіктері бар",- деді К. Мәсімов. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев облыстар әкімдігінің жедел деректері бойынша республикада 99,8 пайыз дәнді дақыл, бункерлік салмағы 17,3 млн. тонна астық жиналғанын мәлім етті. Толықтай алғанда, астықтың жалпы жиынтық көлемі 17,5 млн. тонна болады деп болжануда, бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге және 5,5-6 млн. тонна көлемінде экспорттауға мүмкіндік береді. А. Күрішбаев келтірген деректері бойынша астықпен қамтамасыз етілмеген барлық өңірлер дер кезінде 1,3 млн. тонна көлемінде астықтың жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін астықты облыстармен меморандум жасасты. Бұдан басқа, Азық-түлік корпорациясы тарапынан 600 мың тонна көлемінде астықты тұрақтандыру ресурстары қалыптастырылды және 400 мың тонна көлемінде сатылатын ресурстарды қалыптастыру ісі аяқталуда. "Қазіргі уақытта ұнға және нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру үшін астықтың облыстық қоры және тұрақтандыру ресурстарын құрып, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде",- деді министр. Кеңесті қорыта келе, премьер-министр "үкімет тарапынан ұлттық компаниялармен, жеке секторлармен және астық одақтармен жүргізген жұмыстар оң нәтижесін беруде" деп атап өтті. "Осы жағдайларда біз астықты экспорттауға тыйым салынбайтынын ресми түрде мәлімдейміз",- деп қорытты премьер-министр. Кеңес жұмысына ҚР үкіметінің мүшелері, ұлттық компаниялардың, холдингтер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін