Жарияланды: 530

Үкімет Алматы қаласындағы боран салдарын жоюға 400 млн теңгеге жуық қаржы бөледі

Алматы тауларындағы қатты боранның зардаптарын жоюға үкімет 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлуді жоспарлап отыр, деп Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Үкімет деңгейінде қазір үкімет қорынан қаржы бөлу туралы қаулы әзірленуде. Есеп әзірленді, жалпы көлем 400 млн теңгеге жуық мөлшерді құрайды", - деп ол бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Ауылшаруашылық министрі бұл ақырғы цифр емес, өзгеруі де мүмкін екенін айталы. А.Мамытбековтың айтуынша, бұл қаржы ағаштарды химиялық өңдеуге, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, зардаптарды жою үшін қондырғылар сатып алуға жұмсалмақ. Мәселен, химиялық өңдеуге 72 млн теңге жұмсалады. Министр құлаған ағаштар сатуға шығарылатынын айтты. Ағаштардың жартысы нарықтық бағамен сатылады, ал қалғаны орманды тазартып, қалпына келтіруге ат салысқан компанияларға беріледі. Бұрын хабарланғандай, Алматы мен Алматы облысында 17 мамыр кешкісін бұршақ аралас жауын-шашын болды. Соның салдарынан үйлер мен әкімшілік ғимараттарды су алды, электр желілері үзілді. Алдын ала мәлімет бойынша, боран салдарынан Алматы мен қала маңында 5 мыңнан астам ағаш құлады, олардың көбісі шыршалар. Іле-Алатау ұлттық саябақ басшылығы Алматы маңындағы тауларды құлаған ағаштардан тазалауға екі жыл қажет екенін бұрын хабарлаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін