Үкімет басшысының айтуынша, Астанадағы ТЭЦ-2 — Елордасын жылумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір көз болғандықтан, тағы бір жылумен жабдықтау орталығының керек екенін қала басшылығы мен ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі басшылығының қаперіне салып өтті. Осы орайда, үкімет басшысы жаңа жылу электр санциясын салу немесе қазіргі бар қуат көздерін жаңалау жұмыстары бірінші кезекте Астана тұрғындарының мүддесін ескеру негізінде, оларды жылумен үздіксіз және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету талабына сәйкес жүзеге асырылуы қажеттігін ескерте кетті .
Бүгін қалалық ТЭЦ-2-де болып, оны жаңалау жұмыстарының барысымен және жылу жүйесін кеңейту жобасымен танысқан үкімет басшысы «Орталық Қазэнергомонтаж» АҚ мердігерлерінің назарын Астананы энергиямен қамтамасыз етуші маңызды нысанды мерзімінде пайдалануға беру қажеттігіне аударды. Даниал Ахметов сондай-ақ, бұл үшін ТЭЦ-2 нысанын жаңалау жұмыстарымен айналысып жатқан жұмысшылар санын бірнеше есе арттыру керектігін қадап айтты.
Үкімет басшысы жұмыс барысында жіберілген кемшіліктірді 1 ай ішінде жоюды, екінші жылу орталығын жаңалау барысын биылғы жылдың үшінші тоқсанда қайта қарауды тапсырды.