Жарияланды: 420

Үкімет басшысы кадрлық тағайындаулар жасады

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып Бақытжан Жақсалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов өз блогында.

«Бақытжан Мұхамбетқалиұлы Жақсалиевті Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі етіп тағайындадым», - деп жазыпты К. Мәсімов дүйсенбі күні twitter-ге. Бұл тағайындауға дейін Б. Жақсалиев «Самұрық-Қазына» АҚ атқарушы директоры, электр-энергетикалық активтерін басқару жөніндегі директоры болып қызмет атқарды. Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ энергетикалық жобалар департаментінің директоры, «ИнтерГаз ОА» АҚ бас директорының кеңесшісі болған. ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі болып Марат Толыбаев тағайындалды. «Марат Еркінұлы Толыбаевты Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық вице-министрі етіп тағайындадым», - делінген К. Мәсімовтың хабарламасында. 43 жастағы М. Толыбаев бұған дейін Қостанай облысының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаментін басқарған, Астана әкімінің орынбасары, «Smart Investments» ЖШС директоры болып жұмыс істеген. Соңғы уақытта «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК басқарма төрағасы болып еңбек етті. Сонымен бірге, премьер-министр Аманияз Ержановты индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындады. 50 жастағы А.Ержанов бұған дейін ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті, бұл қызметтерде ол агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлікті дамыту, жер қатынастары, әлеуметтік блок мәселелерімен айналысқан. Соңғы уақтта ҚР индустрия министрлігінің технологиялық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін