Жарияланды: 430

Үкімет басшысы қаржы жүйесінің мәселелері бойынша кеңес өткізді

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкімет мүшелерінің, Ұлттық банктің, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің, Қазақстан Қаржы қауымдастығының, "Самұрық - Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының және жетекші екінші деңгейлі банктердің өкілдерінің қатысуымен қаржы жүйесінің мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің

баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске қатысушылар экономиканы тұрақтандыру, атап айтқанда - банктердің төлем қабілеттілігін арттыру және капиталдандыру мәселелері туралы жоспарды бекіту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу туралы ұсыныстарын білдірді және пікір алмасты. Кеңестің қорытындысы бойынша, премьер-министр тиісті министрліктер мен ведомстволар басшыларына Қаржы қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп, тиістң шешімдерді жедел қабылдауды және оларды іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін