Жарияланды: 570

Үкімет басшысы Жамбыл облысының жаңа әкімін таныстырды

Бүгін, 14-мамырда таразда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Жамбыл облысының атқамінерлеріне жаңа әкімді таныстырды. Облыстың жаңа әкімі болып бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бөрібай Жексембин тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Б.Жексенбин 1952-жылы Жамбыл облысында туған. Алматы зоо-малдәрігерлік институтын бітірген зоотехник-ғалым. Еңбек жолын кеңшар зоотехнигі қызметінен бастап кеңшар директорына дейін көтерілді. 1992-1996-жылдар аралығында Жезқазған облысы әкімінің орынбасары және әкімшілік төрағасының орынбасары болды. 1996-жылы Жезқазған облысы әкімінің орынбасары әрі ауылшаруашылығы және астық ресурстары департаментінің директоры болып тағайындалды. 1996-1999-жылдар аралығында ҚР президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 1999-жылдың мамыр айынан бері Жамбыл облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселесін жауаптанған орынбасары болды. Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Серік Үмбетов ҚР ауылшауашылығы министрі болып тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін