Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

  • 19 Қаңтар 2017
  • 3041
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы премьер министрдің ресми сайты хабарлады. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.