Жарияланды: 630

Үкімет пайдалы қазба өндіруге салынатын салықты мұнай мен газ конденсатына алынатын қор мен өндіру көлемін ескере отырып прогрессивті шкала бойынша белгілеуді ұсынады

Үкімет пайдалы қазба өндіруге салынатын салықты мұнай мен газ конденсатына алынатын қор мен өндіру көлемін ескере отырып прогрессивті шкала бойынша белгілеуді ұсынады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет пайдалы қазба өндіруге салынатын салықты мұнай мен газ конденсатына алынатын қор мен өндіру көлемін ескере отырып, әлемдік бағаға сәйкес прогрессивті шкала бойынша белгілеуді ұсынады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды агенттік

тілшісі. "Рентабельділігі төмен, қою тұтқыр, сулы, дебеттілігі төмен және игерілген кеніштер үшін пайдалы қазба өндіруге салынатын салық ставкаларына төмендететін коэффициенттер белгіленеді". Осындай кеніштердің тізімі ҚР үкіметінің қаулысымен айқындалады деп ұсынылуда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть