Үкімет үй салуға бөлінген ақшаны қысқартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет үй салуға бөлінген ақшаны қысқартып жатыр

Үкімет үй салуға бөлінген ақшаны қысқартып жатыр

Елімізде биылға жоспарланған миллиондаған  шаршы метр  үй салынбай қалуы мүмкін. Себебі, Үкімет «Қолжетімді баспана» бағдарламасына  бөлінген миллиардттарды дереу қысқартып жатыр.

  • 13 Наурыз 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі биыл кезекте тұрғандарға пәтер салу үшін 30 миллиард теңге бөліп қойғанын қуана хабарлаған еді. Енді мұны көпсініп қалса керек, бөлінген қаржының 10 миллиардқа дейінгі теңгесін бюджетке қайтармақ екен. Сөйтіп, аймақтарда  «Қолжетімді баспана» бойынша салынатын жалдамалы үйлердің саны  қысқаратын болды. Биліктегілердің сендіруінше, мұның «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы берілетін үйлерге  еш қатысы жоқ.


Ақан Бижанов, Сенат депутаты:

-Тұрғын үй мәселесi жөнiнде  бюджетте өзгертулер болады. Оны ашық айту керек. Бiз жалпы жоспарлап отырған, оның алдындағы  30 млрд теңгенi 20-25 млрд теңгеге дейiн қысқартамыз ба деген ойымыз бар. Бұл әлi қаралады.