Үкімет үйінде Астана және Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға дайындық барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет үйінде Астана және Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға дайындық барысы талқыланды

Үкімет үйінде Астана және Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға дайындық барысы талқыланды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен Астана және Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға дайындық барысы талқыланған отырыс болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Маусым 2008
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Ұйымдастыру комитеті Алматы облысында шаңғы-биатлон жолы мен шаңғы стадионын салу, Алматы қаласында шаңғы трамплинінің халықаралық кешенін және Астанада мұз сарайын, сондай-ақ, осы жарыстарды өткізу үшін қажетті басқа да нысандарды салу шаралары қарастырылды», — деп көрсетілген хабарламада. Баспасөз қызметі сондай-ақ, спорттық ғимараттардың тізбегі 15 нысанды қамтитынын хабарлады. Оның 10-ы салу, қалған бесеуін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Бұл ретте ұйымдастыру комитетінің мүшелері Азиаданың Алматы қаласындағы Олимпиада қалашығы мен баспасөз орталығын салу үшін жер бөлу мәселесін талқылады, деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті