Үкімет жалқауларды жарылқаудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жалқауларды жарылқаудан бас тартты

Үкімет жалқауларды жарылқаудан бас тартты

Шенеуніктер жұмыссыздардың санын азайтудың жолын тапты. Енді мемлекеттің мойнына масыл болып үйренгендер жәрдемақыдан қағылуы мүмкін.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 202
Фото - Caravan.kz

Осылайша жұмыссыз ретінде тіркеліп, жәрдемақы алуға әуестенгендердің жолын кесеміз дейді атқамінерлер. Мемлекет адамдарға жәрдемақыны бермес бұрын, екі жыл сайын келісімге отыруды міндеттемекші. Құжат бойынша, еңбекке жарамды азаматтар шенеуніктер тауып берген жұмысты істеуі тиіс. Бас тартқан жағдайда,отбасы мүшелеріне берілетін ақша 50 пайызға қысқармақ тіпті мүлдем төленбеуі мүмкін. Тек жәрдемақы  кедейшілікте өмір сүретіндерге беріледі. Былтыр ол сома адам басына 8 мың теңгеден есептелген.

Арман Өмірбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры:  

-Атаулы әлеуметтік көмек барлық әлжуаз топтарға төленеді. Бірақ табысына қарай. Оны алу үшін әр тұрғын жұмысқа тұрып немес біліктілігін арттыруы тиіс.