Үкімет жеке тұлғалардың кірісін жаппай декларацияда көрсетуді 2015 жылдан бастап енгізуге кірісуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жеке тұлғалардың кірісін жаппай декларацияда көрсетуді 2015 жылдан бастап енгізуге кірісуді ұсынады

Үкімет жеке тұлғалардың кірісін жаппай декларацияда көрсетуді 2015 жылдан бастап енгізуге кірісуді ұсынады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет жеке тұлғалардың кірісін жаппай декларацияда көрсетуді 2015 жылдан бастап енгізуге кірісуді ұсынады. Бұл туралы "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстел басталар алдында журналистерге таратылған хабарламада айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын декларацияда көрсету мен салық салу жүйесін құруға мүмкіндік беретін қадам сайынғы шаралар кешенін жасау ұсынылып отыр», — делінген құжатта.

«Ауқымды мәліметтер базасын басқаруға қабілетті жүйені құрудың күрделілігі, сондай-ақ, жабдықтарды жаңалау, салық органы мамандарын оқыту мен халықтың салық мәдениетін көтеруді қамтитын кешенді мақсарттарды ескере отырып, жаппай салық декларациясын енгізудің екінші кезеңін 2015 жылдан бастауға болады», — делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті