Үкімет жиын-терім науқанына әзірлік барысын талқылады
Премьер-министр Кәрім Мәсімов жұма күні экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. |
Үкімет басшысы интернеттегі блогында: «Аймақтық азық-түлік қорларын басқаратын операторларды шұғыл түрде несиелендіру, диқандарға жиын-терім науқанына арнап несие беру мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ, 2011 жылы аймақтарды сататын бидаймен қамтамасыз етуге қатысты мәліметтер тыңдалды», - деп жазды.
Сонымен қатар, бүгінгі жиында аймақтардағы ірі инвестициялық және индустриалды жобаларды жүзеге асыру барысы мен Алматыдағы «Сайран» мегаауданының құрылысын аяқтау мәселелері қаралды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін