Үкіметте өткен кеңесте байланыс саласындағы жаңадан қабылданған заңдарды жүзеге асыру жоспары талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте өткен кеңесте байланыс саласындағы жаңадан қабылданған заңдарды жүзеге асыру жоспары талқыланды

Үкіметте өткен кеңесте байланыс саласындағы жаңадан қабылданған заңдарды жүзеге асыру жоспары талқыланды

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте жақында парламент қабылдаған "Байланыс туралы" және "Байланыс мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды іске асыру жөніндегі жоспар талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы Біржан Қанешев Үкімет басшысына телекоммуникация саласын ырықтандыру жөніндегі іс-шараларды табысты өткізу үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыстар туралы мәлімдеді.

Атап айтқанда, қалааралық және халықаралық байланыс саласында «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсетуге беріліп келген кең құқық алынып тасталынған. Телекоммуникация рыногына қосылу үшін жаңа қатысушыларға жағдай жасалынбақ.
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің жұмысын жалпы мақұлдаған Даниал Ахметов аталған агенттікке заңдарды жүзеге асыру жөніндегі нақты жоспарды бір апта ішінде әзірлеп, үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
Өз кезегінде, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне телекоммуникация қызметін көрсету саласындағы тарифтерді реттеу жоспарының жобасын әзірлеу және оны үкіметтің бекітуіне енгізу тапсырылды. Осы агенттіктің ақпараты бойынша, тарифтерді реттеу биылғы жылғы 1 қазаннан басталуы керек. Жоспарда телефонға кейбір абоненттік төлемақының қымбаттауына байланысты қалалық жүйеге абонент болып табылатын әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға өтемақы қарастырылмақшы.
Үкімет басшысы ҚР ақпарат министрлігіне Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп, осы салада жүргізіліп отырған реформаның мән-жайы туралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу жөнінде тапсырма берді.