Негізгі баяндама жасаған экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың ақпараты бойынша, бюджетті қалыптастырушы принципті қадамдар сақталған. Басымдық берілген инвестициялық жобалар қатарында құрылыс және автомобиль жолдарын жөндеу, жаңа медициналық мекемелер мен білім беру нысандарының құрылысы және өзге де құрылыстар жоспарланған. Кеңесте аталып өткендей, жобалар еліміз азаматтарына нақты көмек көрсетуге бағытталуы тиіс.
Осыған орай, премьер-министр ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің назарын бұрын іске асырылмаған, жаңадан қолға алына бастаған ғарыштық саланы дамыту тәрізді бағдарламаға аударып, бұл бағдарламалардың нәтижесі іс жүзінде пайдаға асатындығы мен экономикалық тиімділігіне кепілдік беру үшін инновациялық көрсеткіштерін нақты анықтау қажеттігін атап өтті.
Даниал Ахметов қаржы министрлігіне бюджет қаржысын тиімді пайдалануға қатаң бақылау жасауды тапсырды.