Жарияланды: 530

Украина «АН» ұшақтарының техникалық қызмет көрсету орталығын құруды ұсынды

Украина «АН» ұшақтарының техникалық қызмет көрсету орталығын құруды ұсынды

Украинаның Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі Олег Яковенко Қазақстанмен авиациялық саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі жайында айтып берді. 

«Авиақұрылыс саласында Украинаның әлеуеті мол. Атап айтқанда, көліктік авиация мен азаматтық авиақұрылыс саласындағы «Антонов» компаниясы әлемге танымал. Еліміз ұшақ өндірісі бойынша толық циклмен қамтамасыз етілген, яғни бізде ұшақты жобалаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін барлық мүмкіндіктер бар», - деді ол бүгін Астанада Қазақстан-Украина бизнес-форумында.
Осы орайда Астанадағы Авиациялық техникалық орталық базасында «АН» ұшақтарына техникалық қызмет көрсету орталығын құру жайында айтылды. Сонымен қатар Ан-148, Ан-158 и Ан-178 секілді маркалардағы дайын ұшақтарды жеткізуде стратегиялық мүмкіндіктер бар көрінеді. 
О.Яковленко Украинаның Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. 
«Украиналық ұшақтарды Қазақстанда өндірісін тікелей құрастыру бойынша мүмкіндіктер бар және осы шаралар іске асырылады деген үміттемін. Көп жылдардан бері Қазақстанда АН-140, АН-100 ұшақтары өндірісін құруға байланысты келіссөздер жүруде»,- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін