Жарияланды: 420

Украина ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 3 азаматты Қазақстанға қайтарып берді

2011 жылдың 28-ші мамырында Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған және ұзақ уақыт халықаралық іздеуде болған Қазақстанның 3 азаматын Киевтен Астанаға экстрадициялады, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Адам өлтіргені үшін айыпталушы А.Бандуровты Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары 1999 жылдан бері іздестірген, ал тонау және ұрлық жасағандары үшін айыпталушы С.Маевский мен Ю.Меделяевті Ақмола және Павлодар облыстарының құқық қорғау органдары 2008 жылы іздеуге жариялаған болатын. Қазіргі уақытта күдіктілер Астананың тергеу абақтысына орналастырылды, деп хабарлады Бас прокуратура баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть