«Олар жұмысшылардың өз жалақыларын күткеніндей, өз үйлерін бірнеше ай бойы күтуде. Біреулері — болашақ көп қабатты үйлер үшін тым болмаса, шұңқыр қаза бастауды күтсе, өзгелері — дайын үйлерге жарық, жылу және су тартар уақытты күтуде», — деп хабарлады телеарна.
«КТК» телеарнасының мәліметіне сүйенсек, құрылысын «Қуат» корпорациясы жүргізіп жатқан «Сайран» ауданы қазір жұмысы тоқтатылған құрылыс алаңына айналған. Мұнда 50 кварталдан астам жер бар. Әрқайсысында бірнеше көп қабатты үй салынуға тиіс. Үйлер салынып біткенімен, оларға не жарық, не жылу, не су тартылмаған. Ал пайдалануға беру мерзімі болса, 2007 жылдың 30-сәуірінде өтіп кеткен», — деп хабарлайды телеарна.
«Жақын уақытта жұмысты бастауға ылғи да уәде беріп келеді. Ал бұл уәделердің барлығы сөз жүзінде ғана, шынын айтқанда, ол уәделер баланың берген уәдесіндей», — деді үлескерлердің бірі.
Алданған үлескерлер премьер-министрге, Алматы қаласының әкіміне, партияларға және парламентке хат жазып қойғандықтарын айтып сендіруде. Олардың айтуынша, әзірге ешқандай жауап болған жоқ.
«Жауап тек мемлекеттік сәулет-құрылыс департаментінен ғана келді. Олардың айтуынша, «Қуат» корпорациясына еш үкімдері жүрмейді. Бейсенбі күні құрылыс компаниясының басшылары да баспасөз мәслихатын өткізді. Алайда, белгісіз себептермен «КТК» телеарнасын оған шақырмады. Ал жеке кездесуден бас тартты», — деді телеарна.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті