"Ұлттың құлдырауы": Атырауда екі жігіт итке бензин құйып, тірідей өртеп жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттың құлдырауы": Атырауда екі жігіт итке бензин құйып, тірідей өртеп жіберген

"Ұлттың құлдырауы": Атырауда екі жігіт итке бензин құйып, тірідей өртеп жіберген

Атырау облысында жантүршігерлік оқиға орын алды.

  • 21 Маусым
  • 183
Фото: видеодан алынған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында екі жас жігіттің қылығы жаға ұстатты. Олар итке бензин құйып, тірідей өртеп жіберген. Істеген істерін видеоға түсіріп алған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Іздестіру барысында 2003 және 2007 жылғы ер адамдар ұсталды.

Бұл туралы журналист Данияр Есен қатты айтып, пікір білдірді. Ол бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жолдады.

«Видеоны көріп отырып, “Қалай, мүмкін емес қой” — дедім. Бесіктен белі шықпай жатып, не деген қатыгездік дедім. Бүгін итті тірідей өртеген адам, ертең адамды да өлтіре салу оларға дым емес. Олар қоғамға өте қауіпті! Соттау керек.

Агрессия ұлт, жер таңдамайды.

Бұл жерде кінә — тағы да ата-анада. Қазір қатын да, еркек те баласымен сөйлеспейді. Барлығы күні-түні телефонда. Қатындар қайдағы жоқ бір әншінің, блогердің Инстаграмын, Тик Тогын ақтарып отырады. Еркектер үйіне келіп, олар да Тик Токқа басымен кіріп кетеді. Не көріп жатқанын өздері білмейді. Анау Тик Токта осырып ақша табатын қыздың стримінде 5 мыңдай адам отырады. Ұлттың құлдырауы. Деградация. Бұлай кете берсек, адам болмаймыз.

Қатындар, Еркектер, балаларыңмен сөйлесіңдер. Не істеп жүргенін сұраңдар. Кімнің ұрып, әлімжеттік, буллинг жасап жүргенін сұраңдар.

“Балам, ешкім ұрып жүрген жоқ па?” — деп сұра. Сырлас.

“Еркек бала далада таяқ жеп өсу керек” деген — қараңғы адамның сөзі. Қазір 90-шы жылдар емес. Ешкім ешкімнің денсаулығына зиян тигізбеуі керек.

Үйде жақсы сөз айтыңдар. Балаларға махаббатарыңды беріңдер.

Мен бұл тақырыпты жылы жауып қойып едім. “Кім баласын қалай тәрбиелейді, өзі біледі” — деп ойладым. Жоқ, енді мен бұл тақырыпқа қайта ораламын. Арасында жазып тұрамын.

Балаға бір-ақ нәрсе керек! Ол — сенің махаббатың. Болды. Осыған көзім жетті!

Саналы ұрпақ тәрбиелейтін уақыт келді.