Жарияланды: 430

Ұлттық банк айырбастау пунктерін жазалауға уәде берді

Ұлттық банк айырбастау пунктерін жазалауға уәде берді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов 19 тамызда сатып алу-сату бағамын түзеткені үшін айырбастау пункттерін жазалауға уәде берді.

«Бізде валюталық режімнің бір кезеңінен екіншісіне өту аясында барлығын біліп қояды. Бұны «ақпараттың жайылып кетуі» деп айтады. Осының арқасында бұрынғы инфрақұрылымның агенттері пайда табуға тырысады. Айырбастау пункттерінің осындай іс-қимылы өрескел әрекет. Олардың тәулік ішінде сатып алу-сату бағамын ауыстыруға құқығы жоқ. Біз осы жайында арнайы шешім қабылдадық. Кеше заң бұзушылыққа жол бергендерді анықтап отырдық және осындай әрекеттер жазасыз қалмайды»,-деді ҰБ басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Ұлттық банк халық пен бизнес және банктер жаңа ақшалай-несиелік саясатпен қалай жұмыс істеуі тұрғысында ақпараттық-түсіндіру жұмысының кешенді бағдарламасын әзірлеп қойды.

«Біз банктермен кездестік. Сондықтан да барлығы болған жағдайды біліп отырды. Кездесу өткізгендер арасында ешқандай дүрлігу болған жоқ. Бұл тұрғыда айтарлықтай бірқалыпты және кезең-кезеңмен ауыстық деп ойлаймыз»,-деді Қ. Келімбетов. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін