Ұлттық банк Delta Bank-тің лицензиясын қайтарып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Delta Bank-тің лицензиясын қайтарып берді

Ұлттық банк Delta Bank-тің лицензиясын қайтарып берді

Ұлттық банк басқармасының № 318 қаулысымен «Delta Bank» АҚ қоғамына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия қайта күшіне енді, деп хабарлайды Ұлттық банк.

  • 4 Қаңтар 2017
  • 601
Фото - Caravan.kz


Еске салайық бұған дейін реттеуші аталған лицензияны уақытша тоқтатқан еді. Delta Bank-пен бірге Қазинвестбанк лицензиясы да алынған.

Алайда оның лицензиясы қайтарылмады. 2016 жылдың 26 желтоқсанында банк негізгі лицензиясынан айырылды.

Бүгін сондай-ақ S&P Global Ratings Delta Bank-тің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін төмендеткені белгілі болды. Сонымен қатар ұлттық өлшем бойынша банк рейтингі «kzBB+» деңгейінен»kzВ-» деңгейіне, кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыздар рейтингі «В» деңгейінен «ССС+» деңгейіне дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар