Жарияланды: 340

Ұлттық банк салымшыларға өтемақының қалай төленетінін айтты

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануы салдарынан жинақ қаражатынан айырылған салымшыларға өтемақының қалай төленетінін хабарлады. Бұл рақымшылық тек 1 миллион теңгеге дейінгі депозиттер үшін қолданылмақ.

Бүгінде еліміздегі банктердің 2 миллиондай салымшысы бар. Оларға төлемдер келер жылы берілетін болады. Ал салымшылар қазан айына дейін өтініш жазуы тиіс. Сондай-ақ, өтемақы алушыларға қосымша бірнеше талап қойылып отыр. Мәселен, ол жинақ қаржысын тек теңгемен кемі бір жыл сақтағандарға ғана беріледі. Және депозиттер банкте 30 қыркүйекке дейін жатуы тиіс. Бір атап өтерлігі, бір салымшының әрқайсысы 1 миллион теңгеге жетпейтін бірнеше депозиті болса, соның әрқайсысы үшін төлем жасалынады.

Жәмила Байділдаева, Ұлттық Банк өкілі:

- Арнайы құрылған жұмыс тобымен бірлесе отырып, еркін өзгермелі айырбастау режиміне өтуге байланысты, жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тәртібі енгізілді. Яғни,ол өтініш жазылғаннан кейін әр салымшыға арнайы есепшот ашылады. Сол есепшота жаңағы салым аударылады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін