Үміткер Қанат Есжанов лингвистикалық комиссияның емтиханын тапсырудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үміткер Қанат Есжанов  лингвистикалық комиссияның емтиханын тапсырудан бас тартты

Үміткер Қанат Есжанов лингвистикалық комиссияның емтиханын тапсырудан бас тартты

Президенттiк сайлауда өзiн-өзi ұсынған кандидат Қанат Сабырұлы Есжанов лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттiк тiл бiлiмiне қатысты емтиханды тапсырудан бас тартты.

  • 18 Наурыз 2015
  • 563
Фото - Caravan.kz

Сынақты бастамас бұрын, Қ.Есжанов лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң жазбаша тiзiмiн берудi сұрады. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков бұл талапты орындауға мiндеттi болмаса да, тiзiмдi әкелуге келiстi. Дегенмен кандидат комиссия мүшелерiне сенiм танытпайтындығын мәлiм етiп, қазақ тiлiнен емтихан тапсырудан ресми түрде бас тартты. 

Айта кетейік, Қанат Есжанов 2011 жылғы президенттiк сайлауда да бақ сынап көрген болатын. Алайда ол кезде мемлекеттiк тiл бiлiмiне қатысты сынақтан сүрiнген. Оның ойынша, "содан берi лингвистикалық комиссия мүшелерi өзгермеген".

"Сондықтан оның объективтiлiгiне сене алмаймын. Екiншiден, менiң ойымша, 94 мың дауыс жинау физикалық тұрғыда мүмкiн емес. Сонымен қатар сайлауалды науқанға 1 млн. астам теңге жинау әркiмнiң қолынан келмейдi", — дедi президентiкке үмiткер болған Қ.Есжанов.


Айта кетейiк, Қанат Сабырұлы Есжанов 1962 жылы туған, заңгер. Саяси додада өзiн-өзi ұсынып отырған кандидаттардың бiрi.