Үндістанда зорланған қазақ келіншегіне қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда зорланған қазақ келіншегіне қатысты жаңа дерек шықты

Үндістанда зорланған қазақ келіншегіне қатысты жаңа дерек шықты

Шетелде тағы бір отандасымыз жапа шекті. Бұл жолы  Үндістанда бір топ жігіт қазақ келіншегін зорлап кетті. 27 жастағы жерлесіміз ол жаққа іс-сапармен барған екен. Дели қаласындағы қонақ үйдің біріне жайғасқан соң, кешкі асын ішпек болыпты.

  • 17 Наурыз 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Сол кезде қасына үндінің екі жігіті келіп,отандасымызды маңызды істі талқылауға басқа қонақ үйге шақырған. Кейін келісімін берген келіншекті ертіп әкеткен жігіттер сонда арам ойларын іске асырады. Шаруасын тындырған соң қаскөйлер қашып кеткенімен алысқа ұзай алмай қолға түсті. Қазір Үндістанның барлық басылымы осы туралы жарыса жазуда. Тіпті қаскөйлердің Қазақстан азаматшасымен таныс екенін хабарлауда. Ұсынысқа келісе кеткеніне қарағанда, келіншек қаскөйлермен сол күні көшеде танысқан болуы да мүмкін. Ал бұл оқиғаны еліміздің Сыртқы Істер министрлігі де бақылауға алған. Негізі ел кезіп қыдыратын әйелдер үшін Үндістан ең қауіпті жер. Себебі, мұнда әрбір 20 минут сайын әйел зорланады. Ал, жәбір көргендердің басым бөлігі туристер. Оның үстіне 3 жыл бұрын 23 жастағы студентіміз де Үндістанда зорланған болатын.