Кеңес отырысы барысында кездесуге қатысушылар ТМД елдерінің білім беру жүйелерін интеграциялау міндеті бірнеше мәрте айтылды. Атап айтқанда, білім беру, ТМД елдерінің бірқатар кездесулерін, конференцияларын өткізу, студенттер мен оқытушылар алмасу саласындағы ТМД елдерінің біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру жоспарланып отыр.
«Білім беру жүйесін реформалау кезінде ТМД елдерінің әрқайсысы осы саладағы басымдық пен өзіндік интеграция жолын таңдауға құқылы. Бірақ бұл ретте біз барлығымыз да ТМД елдеріндегі жалпы білім беру кеңістігін нығайтуға және дамытуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді үйлестіру мен ақпарат алмасудың өзектілігінің жоғары екенін мойындаймыз», — деп атап көрсетті осы мәселе жөнінде Қырғызстанның білім және ғылым министрі Ишенгуль Болджурова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті