Жарияланды: 340

Ұрылар мен басбұзарлар қоғамдық жұмыстарға жегіліп жатыр

Ұрылар мен басбұзарлар қоғамдық жұмыстарға жегіліп жатыр

Алматыда  бас бостандығы шектеулі азаматтар қоғамдық еңбекке тартылып, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Бұл 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қылмыстық кодекстің 44-бабына сәйкес жүзеге асып жатыр.

Онда бас бостандығы шектелген азаматтар тұрақты жұмыс орны болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар бекіткен орындарда жылына 240 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға міндеттелген.

Қазір Әуезов ауданы бойынша  298 азамат шартты мерзімге есепке алынған. Олардың 110-ы шартты мерзім арқаласа, 172-сі бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу уақыты кейінге қалдырылған 12 әйел де қоғамдық жұмысқа тартылған.

Мамандардың айтуынша, осындай жаза түрі арқылы бұзақылық пен ұрлық жасаған азаматтар ең бастысы, қоғамнан аластатылмай тегін емделіп, білім алу мүмкіндігінен қол үзбейді.

«Бұл аталған санаттағы азаматтарды біріншіден жұмысқа тарту, екіншіден, білім алғысы келсе соларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Олар кәсіптік дайындықтан өтіп, құқықтық консультация ала алады», - деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сәйфеденов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін