Ұсынылған есепті шығарған оқушыға 1000 доллар беремін - Асқар Жұмаділдаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұсынылған есепті шығарған оқушыға 1000 доллар беремін - Асқар Жұмаділдаев

Ұсынылған есепті шығарған оқушыға 1000 доллар беремін - Асқар Жұмаділдаев

Академик Асқар Жұмаділдаев "Алгоритм" журналына берген сұхбатында осындай байқау жариялады, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

  • 11 Ақпан 2016
  • 1486
Фото - Caravan.kz

Академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын балаларға теңдеу жасырып отыр. Атап айтқанда, ғалым х!+1=y2 деген теңдеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.


"Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сыйлық болар еді", — дейді академик.