«Ұят деген бар ма?» - Ернар Айдардың концертінде апа ашуына ерік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұят деген бар ма?» - Ернар Айдардың концертінде апа ашуына ерік берді

«Ұят деген бар ма?» - Ернар Айдардың концертінде апа ашуына ерік берді


Әлеуметтік желіде сахнадағы әнші Ернар Айдардан микрофонды сұрап алған көрермендердің бірі концертке балаларымен келген қауымға ескерту жасады деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

  • 16 Наурыз 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Ол кейбір көрермендермен бірге еріп келген балалардың дамылсыз жүріс-тұрысына шағымданған.

«Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсыңдар ма?! Кафеге тойға барсаң, бала жылап жүреді. Концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма? Суретке түскілерің келсе, концерттен кейін Ернарды 1 сағат алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма, сендерде өзі?!» – деді ашуға мінген ана.

Оның бұл сөзі әншіге де майдай жаққан. Орнынан тұрып, қол шапалақтап, көрерменіне алғысын білдірді.