Ватиканда алғаш рет қасиетті Құран-кәрім оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ватиканда алғаш рет қасиетті Құран-кәрім оқылды

Ватиканда алғаш рет қасиетті Құран-кәрім оқылды

Ватиканда алғаш рет қасиетті Құран-кәрім оқылды. Рим Папасы Францисктің бастамасымен өткен бұл шара, израильдіктер мен палестиндіктердің арасын жақындастырып, бітімге келмей жатқан тараптарды бейбітшілікке шақыру үшін жасалыпты.

  • 10 Маусым 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz


Папаның өзі араағайын болған үлкен кездесу Ватиканның бағында өтті. Онда қырғи-қабақ күй кешіп жүрген палестиндіктер мен израильдіктер қол алмасқаннан кейін бірлесіп, Құдайға құлшылық жасап, бейбітшіліктің символы атанған зәйтүн ағашының көшетін отырғызған. Шимон Перес пен Махмұт Аббас Римде бұлай бірінші рет кездесті. Салтанатты шарада Рим Папасы мұндай мінәжаттардың екі елдің арасындағы кикілжіңді реттеуге септігі тиеріне сенім білдірген.