Ватиканда алғаш рет Құран оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ватиканда алғаш рет Құран оқылды

Ватиканда алғаш рет Құран оқылды

Ватикан аумағында алғаш рет қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды, деп жазады muslim.kz.

  • 9 Маусым 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға Папа Францисктің израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында екі ел басшыларын шақырған жиынында орын алды.

Айта кетейік, Папа Франциск дінаралық мерекелік шараға Израиль президенті Шимон Перез бен Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббасты арнайы шақырған болатын. Сондай-ақ, бұл кездесуге әртүрлі дін өкілдері де қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысынан тікелей түсірілім жұмыстары болатынын уәде еткен Ватикан билігі бұл кездесудің «саясатта үзіліс» жасайтынына сенімді.