Жарияланды: 320

Венгрияның қорғаныс министрі босқындар мәселесіне байланысты отставкаға кетті

Венгрияның қорғаныс министрі босқындар мәселесіне байланысты отставкаға кетті

Венгрияның қорғаныс министрі Чаба Генде елге келіп жатқан босқындар мен мигранттар ағымы мәселесі қаралған ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы аяқталған соң отставкаға өтініш білдірді,

деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Өткен аптада Венгрия босқындардың елге ағылуын тоқтату үшін шекараға арнайы құрылымды орналастыруды ұсынды. Соңғы уақытта бұл елге 100 мың адам келді.

Премьер-министр Виктор Орбан Генденің отставкасын қабылдап, «Фидес» партиясы бойынша өзінің жақтасы Иштван Симичкоға Қорғаныс министрі болуды ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін