«ВКонтактедегі» «өлім топтарына» тыйым болмай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ВКонтактедегі» «өлім топтарына» тыйым болмай тұр

«ВКонтактедегі» «өлім топтарына» тыйым болмай тұр

Қырғызстанда әлеуметтік желідегі суицидке шақыратын топтың кезекті құрбаны туралы кеше ғана суыт хабар тарады. Оқиға Бішкекте болған. Онда 18 жасар қыз Республикалық психикалық денсаулық орталығына жеткізілген.

  • 6 Ақпан 2017
  • 3159
Фото - Caravan.kz

Ол қыз өзінің тамырын кесіп жіберген, деп хабарлайды «Вечерний Бишкек» газеті. Бойжеткеннің азып-тозып кеткенін байқаған жігіті жедел медициналық жәрдем мен милицияны шақырған.

Аталған орталықтың директоры Урайымжан Исмайыловтың айтуынша, бұл қыз «ВКонтактедегі» суицидке шақырушы топ басшылары жіберетін «Синий кит» ойынын 4 күн бойы ойнаған. Ақыр аяғында ойын әкімшісі оған «тамырыңды кес» деп бұйырыпты. Бірақ қыз бақытына орай бұл бұйрықты дұрыс орындай аламаған. Дәрігерлер қазір оның жағдайы жақсы дейді.

Dreamstime.com фотосыDreamstime.com фотосы

Ресейде бастау алған, балаларды суицидке итермелейтін «Синий кит», «Море китов», «Тихий дом» сияқты ойындар қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап, Орталық Азия елдерін де дүрліктіруде. Соңғы ақпараттарға қарасақ, әсіресе, қырғыздардың қатты зардап шегіп жатқаны байқалады. Өлім әкелуші ойындар біздің елдегі ата-аналарды да алаңдата бастады.

Алматылық Зума Абдуллаева – жасөспірім қызын суицидке апарар жолдан дер кезінде арашалап қалғандардың бірі, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ол перзентінің қауіпті топқа мүше болып, ойынға берілгенін көпке дейін білмеген.

«Бір күні қызымның қол тамырының жарақаттанғанын байқап, мән-жайды сұрадым. Ол өз тамырын өзі кәдімгі сызғышпен кесіпті. Қызымды бұған не итермелегенін де білдім. Содан бері оның әлеуметтік желідегі парақшасын қатаң бақылаймын» дейді Зума Абдуллаева.

Зума Абдуллаева. КТК кадрыЗума Абдуллаева. КТК кадры

Сөйтсек, 16 жастағы Диананы ойынға «Вконтактедегі» өлімге жетелейтін топтың өзі шақырыпты. Солардан келген жеке хабарламадан соң, ол ойланбастан қауіпті ойынның мүшесі болып шыға келген.

«Мен сенің жеке китіңмін. Ойын ойнайық» деген хабарламалар бірінен соң бірі келді. Шарт бойынша, ол маған тапсырма береді. Мен оны орындап, күнбе-күн фото, видео түрінде есеп беріп отыруым керек» дейді Диана.


Қатысушының өз-өзіне жарақат салуы 50 күнге созылатын ойынның бастамасы ғана. Ал соңы суицидпен аяқталады. Жеңіс те осы екен.

Талай ресейліктің өмірін қыршынынан қиған ойын біздің елде де етек алып барады. «Инстаграм» мен «Вконтактедегі» суицидке итермелейтін қай топты ашсақ та, белсенді қазақстандықтар толып жүр. Кейбір жасөспірімді топ жетекшілері шақырса, кейбірі қауіпті ойынға өздері қызығады екен.

Akipress.org фотосыAkipress.org фотосы

Ресейде өткен жылы қараша айында «ВКонтактедегі» өлім топтарының әкімшісі Филипп Будейкин ұсталды. Соның алдында ғана ол «Санкт-Петербург.ру» басылымына сұхбат беріпті. Будейкин аталған әлеуметтік желіге Филипп Лис деген атпен тіркелген. Ол сұхбатында 17 баланың өз-өзіне қол салуына себепкер болғанын еш шімірікпестен айтады. Филипп Будейкин бұл «ісін» 2013 жылы бастап, алғашқыда «F57» дегенді құрыпты. Ол өз ойыны арқылы жасөспірімнің түнгі ұйқысын бұзып, психикасына әсер етеді екен.

«Өлім топтарының» әкімшісі қазір қамауда жатыр. Оған жасөспірімдерді өз-өзіне қол салуға итермеледі деген айып тағылған. Ал психиатрлар Будейкеиннің ақыл-есі дұрыс деп тапты.

Филипп Будейкин. Филипп Будейкин. "РИА "НОВОСТИ" фотосы
Соңғы жаңалықтар