Жарияланды: 740

Возрождение аралында бұрынғы полигон аумағын сауықтыру бағдарламасы аясындағы алғашқы экспедиция жұмысқа кірісті

"Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигон аумағын сауықтыру және ондағы эпидемиологиялық потенциалды бағалау жөніндегі 2002-2006-жылдарға арналған үкіметтік бағдарлама" аясындағы алғашқы экспедиция Арал теңізіндегі Возрождение аралының Қазақстандық бөлігінде жұмысқа кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне карантиндік және зооноздық инфекциялар жөніндегі ғылыми орталығының директоры Бақыт Атшабар хабарлады.

Экспедиция құрамына ғалымдар, карантиндік және зооноздық инфекциялар жөніндегі Қазақ ғылыми орталығының, ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ, Ақтөбе және Қызылорда облыстық обаға қарсы күрес станцияларының өкілдері қамтылды. Дәл осындай жағдай мен осыншама аумақтағы биологиялық сынақтардың залал-зардаптары мен қалдығын жою жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде бұрын-соңды мұндай шаралар жүзеге асырылып көрмепті. Қазақстандық ғалымдар болашақта техногендік апаттар мен зілзалалар кезінде қолдануға болатын жаңаша жою тәсілдерін жасап шығаруы тиіс. Возрождение аралында әскерилер 1992-жылға дейін аса қауіпті инфекцияларды тексеруге бағытталған зерттеулер жүргізгені белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін