ЮНЕСКО Шыңғыс Айтматовтың қазасына байланысты аза тұтады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНЕСКО Шыңғыс Айтматовтың қазасына байланысты аза тұтады

ЮНЕСКО Шыңғыс Айтматовтың қазасына байланысты аза тұтады

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласында қаза болғаны туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

  • 16 Маусым 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«XX ғасыр әдебиетінің әлемді мойындатқан классигі өмірден озды. Шыңғыс Айтматов көп жылдар бойы ЮНЕСКО-мен жақын ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресті, адамзаттың бірегей мәдени әртүрлілігін қорғауға аса қажетті өркениеттер диалогына шақырды», — деп мәлімдеді Коичиро Мацуура. Ол жазушының отбасына, Қырғызстан басшылығына және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті