Жарияланды: 470

Заң актілерін дайындау барысында мемлекеттік мекемелер жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді - әділет министрінің орынбасары

Республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер заң актілерін дайындау барысында жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді. Бұл туралы бүгін, 22-тамызда әділет министрлігінде өткен ведомстволық және аймақтық заңнама шығару мәселесіне арналған республикалық семинарда ҚР әділет министрінің орынбасары Иоганн Меркель мәлімдеді.

Вице-министрдің пікірінше, басқарушылардың құқықтық сауатсыздығы қолданыстағы заңнамаларды жиі бұзуға итермелеп отыр. Әсіресе мұндай жағдайлар кәсіпкерлік іс-қызмет саласында жиі кездеседі. Осы орайда әкімшіліктер мен кәсіпорындар арасындағы заңсыз келісімдерді мысалға келтірген И.Меркель "әкімдердің қашан көрсең де қаржы тапшылығынан бір құтыла алмай келе жатқан жергілікті бюджеттердің мүддесі дегенді " жиі көлденең тартатынын жоққа шығармайды. Сол себепті, әділет министрі орынбасарының айтуынша, семинардың басты мақсаты - жергілікті және орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің кәсіптік деңгейін арттыру, заң жобаларын жасаудағы айрықша өзекті проблемаларды дәйектеу болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін