"Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады": Тұрғымбаев шекарадан заңсыз өткен қазақтарға қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады": Тұрғымбаев шекарадан заңсыз өткен қазақтарға қатысты түсініктеме берді

"Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады": Тұрғымбаев шекарадан заңсыз өткен қазақтарға қатысты түсініктеме берді

Бұл мемлекеттік шекара заңына қайшы, ол үшін арнайы бап та қарастырылған. Расталған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады

  • 17 Қазан 2019
  • 46
Фото - Caravan.kz

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізге Қытайдан шекара асып, пана сұрап келген этникалық екі қазаққа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мәселе бойынша қосымша түсініктеме беретін боламыз. Мен бір нәрсені айтқым келеді, олар айтқандай мемлекеттік шекараны кесіп өту оңай шаруа емес. Шекарадан өту қаншама процестерден тұрады. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі тексеріп болған соң нақты жауабын беретін боламыз», -деді Е. Тұрғымбаев Парламент Мәжілісі отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бергенде.

Сонымен қатар, министр олардың қазір қайда екенін айтты.

«Қазір эксперимент жүріп жатыр. Олар мемлекеттік шекарадан өту заңын қай жерде бұзғанын көрсету керек. Одан әрі заң аясында жұмыс жасалады. Олар қазір ұсталған жоқ. Бүгінде екеуі де Зайсанда, айтуларынша Тарбағатай ауданы арқылы өткен. Бұл мемлекеттік шекара заңына қайшы, ол үшін арнайы бап та қарастырылған. Расталған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — деді ол.


Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 қазанда Қытай азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-бөлігінде қарастырылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталғанын хабарлаған  болатын.

Соңғы жаңалықтар