Оның айтуынша, соңғы 10 шақты жылдың ішінде Астана қаласы мен оның іргесінде орналасқан елді мекендердегі халық санының күрт өсуіне байланысты өңірде жер төлемдерін заңсыз алаяқтық жолмен сату оқиғалары арта түскен көрінеді.
«2007 жылдан бері Целиноград ауданының Коянды ауылында жер төлемдерін заңсыз иеленудің 167 оқиғасы тіркелді. Мұндағы заңсыз иеленген жер телімінің жалпы көлемі 23,9 гектарды құрады. Осыған орай, облыс әкімі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бірнеше рет хаттамалық кеңестер өткізді. Онда белгілі болғандай тұрғындар заңсыз жер иемденуімен қатар, ешқандай сәулет-құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитарлық талаптарға сай келмейтін рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Сонымен қатар, облыстың өзге өңірлерінде де заңсыз жер иемдену оқиғалары тіркелді.
Мәселен, 2010 жылы Даңғынұр есімді азамат «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы облыс орталығынан пәтер алған болса, Серік Шолпан «Сарыарқа Табыс» ЖШС-нің меншігіндегі жерден заңсыз жер телімін иеленген. Сондай-ақ, Р.Нұралинаның меншігіндегі жерден заңсыз жер телімін иеленген Даутай Жарқын Бурабай ауданының Атамекен ауылында орналасқан 2 пәтердің иесі болып шықты. Ал 2008-2014 жылдары аралығында Целиноград аудандық сотына Қоянды ауылдық округі әкімі тарапынан берілген өтініштердің 66-сы бойынша заңсыз, рұқсатсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу жөнінде сот шешімі шығарылса, алтауы сотта қаралып жатыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында аталған елді мекенде салынған заңсыз құрылыс нысандары бұзылды. Сонымен қатар, аудандағы жергілікті атқарушы органдары мен құқық қорғау қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейдтік шаралары барысында Шнейдер, Аягөз Азнабаева және Алмагүл Сунгвай тәрізді адамдардың заңсыз жер телімдерін сатқаны белгілі болды. Осылайша, алаяқтық жолға барған тұлғалар құрықталып, қамауға алынды.
Сондықтан, жерді сату немесе сатып алған кезде азаматтар ҚР қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа алғаны абзал», — дейді А.Қадыралина.