Жарияланды: 490

Заңсыз жолмен 51 тонна мұнай битумын өткізбек болған ресейлік азаматтар ұсталды

Заңсыз жолмен 51 тонна мұнай битумын өткізбек болған ресейлік азаматтар ұсталды

Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» бақылау-өткізу бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) шекара  жасағы елімізге мұнайлы битумды заңсыз жолмен өткізбек болған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

«Скания» және «МАЗ» жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна  мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмады.

Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу,

сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өңдеу), материалдар Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін